Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

Жеке тұлғалар үшін

«Оп-оңай! Иә, жеңіл!» сақтандыру бағдарламасы

 

Біз КАСКО-ны қол жетімді жасадық!

«Оп-оңай! Иә, жеңіл!» - сіздің автокөлігіңізді «Қазком-Полистен» сақтандырудың жаңа бағдарламасы!

Бағдарлама артықшылықтары:

- Құнының қолжетімділігі: КАСКО міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖМС) құнымен;
- 1 000 000 теңгеге дейінгі сақтандыру сомасы;
- Сіздің автокөлігіңіздің зардап шегуіне өзіңіз кінәлі болған жағдайдың өзінде оны жөндеуге кететін шығындардың өтелетініне сенімділік.

 

Бағдарлама бойынша сақтандырылғандар қатарына: жеке тұлғалар жата алады. Бір сақтандыру шартының аясында бір-ақ сақтандырылушы бола алады. Міндетті автосақтандыру мен «Оп-оңай! Иә, жеңіл!» сақтандыру шарты бойынша полистерді бір мезгілде рәсімдеген жағдайда, клиент КАСКО полисін төмен бағада алу түріндегі қосымша жеңілдікке ие болады.

 

Сақтандыруға мыналар қабылданады: шығарылғанына 16 жылдан аспаған, техникалық тексеруден өткізілген және Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдары:

  • жеңіл,
  • жүк,
  • жолсызбен жүретін көліктер.

Сондай-ақ, сақтанушы жаңадан сатып алған немесе шет елден жаңа әкелген автокөлік құралын жол полициясы органдарындағы есепке қойғанға дейін анықтама-шот немесе тіркелген кедендік декларация бойынша сақтандыруға жол беріледі.

 

Көлік құралдарының мына түрлері сақтандыруға қабылданбайды:
мотокөлік, автобустар, құрылыстық техника, ауыл шаруашылық техникасы, тіркемелер, троллейбустар, трамвайлар. Сондай-ақ, шығарылғанына 16 жылдан асып кеткен, Қазақстан Республикасында, жол полициясы органдарында тіркелмеген; спорттық жарыстарға, оқу мақсатында және сынақ-драйвтарға қатысатын көлік құралдары.

 

Осы бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы болып Сақтандырылушының кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан автокөлік құралының бұзылуы немесе зардап шегуі есептеледі.

 

Сақтандыру сомасының төлемі сақтандыру жағдайы басталған кезде шынайы шығын көлемі негізінде анықталады, мұндайда жасалатын төлем сомасының ең көп мөлшері 1 000 000 теңгені құрайды.

 

Шартты Франшиза: Егер шығын көлемі 15 000 теңгеден аспаса, онда төлем жасалмайды. Егер шығын көлемі 15 000 теңгеден асып түссе, онда төлем толық, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын көлемде жасалады.

 

Жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі ЖКО): көлік құралының жол үстіндегі қозғалысы кезінде, соның қатысуымен туындаған, яғни басқа көлік құралымен соғысуы орын алған жол-көлік оқиғасы. Қозғалатын немесе қозғалмайтын заттарға соғылуы (басып кетуі) ЖКО болып есептелмейді, олар: құрылыс нысандары, кедергілер, құстар, жануарлар (көлік құралдарынан басқа), аударылу, су басу, сондай-ақ қандай да бір нәрсенің сақтандырылған көлік құралына құлауы.

 

Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі: 12 айға тағайындалады және алғашқы сақтандыру жағдайына дейін қолданылады.

 

Аумағы: Қазақстан Республикасы