Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

Жеке тұлғалар үшін

«Саяхатшы» бағдарламасы бойынша шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру

 

Шетелдегі саяхат кезінде туындайтын және полиспен қарастырылған барлық мәселелер жетекші сервистік компаниялары арқылы шешіледі.

- АО «CLASS ASSISTANCE»
- FIRST ASSIST

Тәулігіне 24 сағат бойы, жылына 365 күн қатар сервистік компаниялар дүние жүзіндегі өз клиенттеріне қажетті медициналық, техникалық және заң саласы бойынша көмек беру арқылы жоғары деңгейдегі сервистік қызметтерін ұсынады. Өз клиенттерінің мүдделерін жоғары қоя білетін сервистік компанияларды, биік дәрежелі кәсіптік деңгейі, кең жайылған ассистенттік желісі, қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарын қолдануы және көмек көрсету ісіндегі жылдамдығы сенімді әрі болашағы бар компанияның зор беделін көрсетеді.

Полис категориясына байланысты ұсынылатын сервистік қызмет түрлері:

1. «Standart-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

 

2. «Best-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келу қызметтерін қамтиды.

 

3. «Drive-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келуі;
  • жеке автокөлікті жөндеу және/немесе тасымалдау қызметтерін қамтиды.

 

4. «Multy-travel» категориясы көп реттік сапар үшін қолданылады және өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келуі;
  • ЖКО немесе жазатайым жағдай кезінде заң тұрғысынан көмек беру қызметтерін қамтиды.

 

5. «Sport-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

 

Бұл категория спортпен айналысатын тұлғалар үшін қолданылады.

Отбасымен саяхат жасауды ұнататындар үшін отбасы полисі жасалған.

 

Сақтандыру сомалары саяхатшылап келген елдің талаптарына сәйкес 10 000 у.е. мөлшерінен 70 000 у.е. мөлшеріне дейін белгіленеді.

 

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру аумағына, сақтандыру сомасына (жауапкершілік лимитіне) және шетелге келу мерзіміне байланысты белгіленеді және бір күнде 0,49 у.е. мөлшерінен 7,64 у.е. мөлшеріне дейінгі аралық шегінде өзгеріп тұрады.

 

Базалық тарифке (барлық демалушылардың жас мөлшері мен жыныстарына және саяхатшылаушылар санына байланысты) жоғары және төменгі коэффициенттің қосымша қолданылуы мүмкін.