Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

Арнаулы акциялар

"Қазкоммерц-Полис" CК клиенттері үшін арнайы ұсыныстар

 

Жеңілдікті алу үшін Сізге фитнес-клубта әрекеттегі сақтандыру полисін/сақтандыру шартын немесе «Қазкоммерц-Полис» СК –нан медициналық сақтандыру карточкасын ұсыну жеткілікті.

 

Esentai Fit & Spa

Esentai Fit & Spa Алматы қаласының тап ортасында – Esentai Mall-да орналасқан қазіргі заман талабына сай клубын ұсынады. Жалпы ауданы 5500 ш.м. болып табылатын аталмыш жоба әлемнің үздік өндірушілерінің жаңа әрі ең нәтижелі фитнес және велнес-жабдықтарымен қамтылған. Нәтижелі жаттығу жүйелері, топтық жаттығулардың ыңғайлы уақыт кестесі, дәрігерлердің дәлме-дәл технологиялары және қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бірегей жаттығу концептісіне біріктірілген.

Тарифтер

 

World Class

World Class Almaty фитнес-клубы 2011 жылы ашылған, сол кезден бастап ол фитнес-қызметтерді көрсету бойынша «премиум» сегментіндегі көшбасшы болып келеді. Осы уақыт ішінде бізді 7 000-нан астам адам таңдап үлгерді. Халықаралық стандарттар бойынша жобаланған клубтың инфрақұрылымы, қаланың тарихи және іскерлік орталығында қолайлы орналасуы World Clas s Almaty салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ең ыңғайлы спорт кешені етеді. Біздің есігіміз жылына 365 күн таңғы 7-ден бастап түнгі 12-ге дейін ашық және біз сіздерге фитнес және wellness бағдарламаларының толық кешенін ұсынамыз. World Class Almaty мүшесі болу – премиум санаттағы фитнесс-клубтың шектеусіз мүмкіндіктері: жаттығу залына, бассейнге, топтық бағдарламаларға, жауынгерлік өнерге, спорттың ойындық түрлеріне, балалар клубына, спорт және ойын-сауық іс-шараларына, тағы басқаларына қол жеткізу деген сөз. Біздің мақсатымыз – тән саулығын насихаттау және әр адамның өмір сүру сапасын көтеру. Біз өмірін фитнес, сұлулық пен тән саулығынсыз елестете алмайтын табысты адамдар үшін қызмет етеміз!

Тарифтер

 

Rakhat Fitness

«Rakhat Fitness» – бұл жалпы ауданы 12 мың ш.м. Алматы қаласының алғашқы спорттық фитнес-клубы. Тек біздің клубта ғана жазда ашық аспан астында жұмыс істейтін 50 және 25 м екі бассейн бар, соның негізінде ол жаттығып, уақытты белсенді өткізетін орын ғана емес, достарыңызбен көңілді көңіл көтеретін орынға да айналады. Сондай-ақ, жазғы уақытта жағажай волейболы мен lounge бар да қолжетімді. Жабдықталған және ыңғайлы зал, 40-тан астам топтық бағдарламалар түрі, ересектер мен балаларға арналған кәсіби жүзу мектебі, кез келген жасқа арналған балалар финтнесі және спорттың ойындық түрлері: волейбол, баскетбол, футбол - мұның бәрі біздің клубты бірегей етеді. Rakhat Fitness – рахаттана спортпен айналыс!

Тарифтер

 

World Class Lite

World Class Lite – бұл үйдің жанында орналасқан жаттығу залы ғана емес, бұл – салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтанудың және өзін табысты адам ретінде тәрбиелеудің идеологиясы. Клубтың әрбір мүшесі –World Class үлкен жанұясының мүшесі.
Нәтижелі жаттығулар
Жайлы фитнес клуб
Жоғары деңгейде қызмет көрсету
www.worldclasslite.kz
- Мекен-жайы: Алматы қ., Республика Алаңы, 15
- Жұмыс кестесі: күнделікті cағ.7.00-ден 23.00-ге дейін.

Тарифтер

 

Grand Pool Fitness Center

- Клубтың жалпы ауданы 3000 ш.м.-ден астам
- Бассейн: ұзындығы – 5 метр, ені – 21 метр, тереңдігі – 210 см-ге дейін. Судың температурасы +27 - +28 градус.
-Жаттығу залы Cybex АҚШ өндірушісінің қазіргі заман талаптарына сай жабдықтарымен жабдықталған.
- Клуб фитнесс бағдарламалардың және топтық сабақтардың 30-дан астам алуан түрлерін ұсынады:
*күштемелі жаттығулар;
*әр түрлі жабдықтар қолданылатын классикалық аэробика;
*жаңа фитнес құрылғылары қолданылатын функционалды жаттығулар жүйесі;
* mind body бағдарламалары (йога, пилатес, stretch);
*Zumba, танымал бағыттардағы билер;
*трэккинг, сайкл;
*судағы бағдарламалар.
- Қарқынды жаттығулардан кейін қолайлы сауналарда тынығуға болады.
- Жеке көлік қоятын орын, велосипедтер қоятын орын.

Тарифтер

 

FitnessBlitz (Алматы, Астана)

FitnessBlitz фитнес-клубтар желісінің алғашқы клубы Алматы қ. 2009 жылдың 11 қарашасында ашылған болатын. Алғашқы күндерден бастап күні бүгінге дейін компания келесі үш басымдықтарды негізге алады:
1. кәсіби шеберлік және өз ісіңе деген сүйіспеншілік;
2. адалдық;
3. жоғары деңгейде қызмет көрсету.
Бүгінде FitnessBlitz фитнес-клубтар желісі— бұл:
• Сізге қажеттінің барлығы бар, үздік жабдықталған спорт залдары: жүгіруге арналған жолақшалар және велосипедтер, барлық бұлшықет топтарына арналған жаттығу құралдары,
зілтемірлер және гантельдер, шеңберлер, секірмелер, стептер және т.б. Сондай-ақ, біздің барлық клубтар жеке сөрелері мен душ бөлмелері бар киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған; • Сіздің кестеңіздің қолайлығы, біз сіздің жаттығатын уақытыңызға және қанша рет келетініңізге шектеу қоймаймыз: спортпен қалауыңызша айналысыңыз!
• бағалар төмен болғанмен, жоғары деңгейде қызмет көрсету;
• тазалық және тәртіп;
• Сіздің жағдайыңызға түсіністікпен қарау. Ауырып қалдыңыз ба? Демалысқа немесе іссапарға кетіп бара жатырсыз ба? Жалқаулығыңыз ұстап тұр ма? Хабарласып, абонентіңізді тоқтата тұрыңыз;
• Сіздің көзқарасыңызды ескеру: смс, email арқылы немесе шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшікке хат қалдырып, клуб жұмысын жақсарту жөніндегі шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды бізге хабарлаңыз, біз Сіздің көңіліңізден шығу үшін барымызды саламыз!
• табысты адамдардың кездесетін орны!
Келіп, өзіңіз көз жеткізіңіз!

Тарифтер

 

Aqua Fit

Біз салауатты өмір салтын бәріне қолжетімді етеміз, дені сау және бақытты адамдар қауымдастығын құрамыз. Біздің әр клиентіміздің өмір стиліне оң өзгерістер енгізе отырып, өмір сүру сапасын арттырамыз.

 

Сіздің қызметіңізге:
Бассейн: Ұзындығы 18 метр, ені 2 және 4 метр, тереңдігі: 120 бастап 170 см дейін;
Жаттығу залы: 3 жүгіру жолдары, 2 велотренажер, Эллиптиялық тренажер, Әмбебап тренажер, барлық бұлшық еттер үшін, Гантельдер 1 бастап 10 кг дейін, Step тақта, Сығымдап көтеру үшін орындық;
Сауна: Финдік/Инфрақызыл;
Балалар мен үлкендерді жүзуге үйрету;
Аквааэробика;
Инсульттан кейін оңалту.

 

Біз сағат 7.00 бастап 23.00 дейін демалыссыз жұмыс істейміз
Мекенжай:
Алматы қ., Гоголь к. 127/1 ,«Казжол» қонақүйі 0 қабатта
Телефон: 8(727)250-62-01
Instagram: kazzhol_aqua_fit

Тарифтер

 

 

 Fitness Park (Павлодар)

Fitness Park” спорттық-сауықтыру кешені Сіздерді жайлы да кең залына шақырады.

“Fitness Park” тренажерлардың TechnoGym соңғы буынымен, бассейнмен (ұзындығы 14 метр, тереңдігі 1,5 метр), үш саунамен (инфрақызыл, әйелдер және ерлер) жабдықталған. Бізде спортпен айналысу үшін  ең жақсы құрал-жабдықтар, кең гантелді қатар, заманауи жүгіру жолдарымен, велотренажер және эллипсоидтармен жеке кардиозона, бокс тұлыбы бар. Біздің залда тамаша сорғы жүйе, үлкен Smart TV, күшті салқындатқыштар, Wi-Fi орнатылған. Жайлы себезгі және үлкен шкафтармен кең шешіну бөлмелері де бар. Көлік қою үшін жайлы орындар қарастырылған.

Біздің нұсқаушылар Сіздерге жаттығудың жеке бағдарламасын таңдауға, Сіздің мүсініңізді түзетуге, күшіңізді, бұлшық етіңізді өсіруге немесе тонуста болуыңызға, сонымен қатар, жаттығуыңыздың нәтижелігін арттыратын диета құруға көмектеседі. Сондай-ақ, сіздердің қызметтеріңізге фито-бар жұмыс істейді.

Сіздер үш абонементтің біреуін таңдап, кешенге баруға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар, Сіздер жартыжылдық және жылдық абонементтер алуларыңызға болады.

Жұмыс тәртібі: демалыссыз сағат 10.00 нан 22.00 ге дейін

Тарифтер

 

 Век Олимп

Өзіңе сен және бізбен арманыңа қол жеткіз!

 

КҮН САЙЫНҒЫ СЕРГЕКТІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ?

 

Оп-оңай! Сіздің ынтаңыз, сәл жігеріңіз, кәсіпқойлар кеңесі және нәтиже иек астында!Аэробика әлемінің бар жаңалықтары, өз тәнінің сұлулығына сенімді болғысы келетіндер үшін барлық ең жақсы бағдарламалар.

 

ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ.
Кәсіби тренажерлар, жеке бағдарламалар, тамақтану бойынша кеңестер, жоғары санатты нұсқаушылар білімі мен тәжірибесі Сіздерге өздеріңізге деген сенімді арттыруға және сұлу, күшті, үйлесімді дене қалыптастыруға көмектеседі.

 

АЭРОБТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР.
Степ-аэробика, аква-аэробика, ересектерді жүзуге үйрету, арнайы жабдықтарды (HOT IRON, TRX белдіктері) қолданумен күштік бағдарламалар, Йога, ФункционалдыТренинг, сау арқа, Икемді күш, Зумба. Сондай-ақ, жүктілер және босанғаннан кейін дене пішінін қалпына келтіргісі келетіндер үшін арнайы бағдарламалар: Фитнес-ана, Аква-ана. Осы бағдарламалардың кез келгені сізге қол жетімді болады .

 

БАЛАЛАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ.
Сіз балаларыңыздың ақылды, дені сау және әдемі болып өскенін қалайсыз ба?!. Жүзуді үйрету сабақтарында шұғылдана және ойнай отырып, біз оларды әрқашанда тамаша күйде болуды үйретеміз. Техниканы меңгере отырып, өзін нағыз білекті және мықты Кунг-фу жауынгері деп сезіну – бұл мүмкін! Асқақ мүсін, мәнерлі жүріс, сымбатты пластика – бұның бәрі хореграфия сабағында!

 

ДЕРБЕС ЖАТТЫҒУЛАР.
Қысқа уақытта максималды нәтиже! Өз еркіңіз бойынша өз денеңізді басқаруға үйреніңіз !

 

МАССАЖ.
Біздің массаж Сіздің күшіңізді қалпына келтіреді, денсаулығыңызды нығайтады, салмағыңызды азайтады, целлюлиттен арылтып, әрине, көңіл-күйіңізді көтереді!

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Керемет ы/а, 1 үй, (кіру Наурызбай батыр к.). Телефондар: +(727) 2379518, 2379519

 

Тарифтер