Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлiк қоғамының («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес компаниясы) кредиторларына

«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес компаниясы) өзінің кредиторларына 2018 жылғы 12 ақпанда өткен «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес компаниясы) (әрі қарай - «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ) және «Халық-Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай - «Казахинстрах» АҚ) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу арқылы «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ-ты ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлайды.

2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Казахинстрах» АҚ пен «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты ерікті түрде қайта құруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

2018 жылғы 29 тамызда «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың барлық мүлкін, құқықтары мен міндеттерін «Казахинстрах» АҚ-қа тапсыру туралы Табыстама актісіне қол қойылды.

Баарлық сұрақтар бойынша «Казахинстрах» АҚ-қа хабарласыңыз. Сонымен қатар барлық есеп-айырысуларды «Казахинстрах» АҚ-пен жасау қажет.

 

«Казахинстрах» АҚ деректемелері:

Қазақстан Республикасы,

Алматы, А05А1В9 (050008), Абай даңғылы, 109B, н. п. 9а

Банктік деректемелері

IBAN KZ446010131000047751

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Алматы облыстық филиалы, Алматы қаласы

БСК HSBKKZКX

БСН 981040001082

ТТК 833

Резидент, экономика секторының коды 15

 

Қосымша: Табыстама актісінің көшірмесі