Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

«Қазкоммерц -Полис» СК» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ ЕҰ) акционерлерінің жалпы жиналысы

Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 125/185, н.п 4  мекен - жайы бойынша орналасқан: «Казкоммерц-Полис Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы («Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы) (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар Кеңесімен Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының өту күні – 2018 жыл 10 мамыр.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының өту орны – Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы,Байзақов көшесі, 125/185, н.п.4.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының басталу уақыты – Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минут.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өткізілмеді деп танылған жағдайда,  қайта жүргізу 2018 жылдың 11 мамырында, Алматы уақыты бойынша 11сағат 00 минутта , Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы,Байзақов көшесі, 125/185, н.п.4. мекен-жайы бойынша қайта тағайындалды.

 

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға келген қатысушы акционерлерді тіркеу, 2018 жылдың 10 мамырында 10 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 синутқа дейін.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқықтары бар акционерлер тізімін құру күні – 09 сәуір 2018 жыл.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібінде:

 

  1. Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. 2017 жылға арналған Ұйымның жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
  3. Қоғамның бір жай акцияға есептегендегі дивидент көлемі және 2017 жылдағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін анықтау туралы;
  4. Қоғамның және оның  лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің жүгінуі және қарастырылу қорытындысы жайындағы сұрақты қарастыру туралы;
  5. 2017 жылдағы  орындаушы орган мен Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің сыйақы құрамы және көлемі туралы мәліметті қарастыру туралы;
  6. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттарға  Қоғам атынан қол қоюға Қоғамның бірінші басшысына өкілеттілік беру туралы;

 

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібіне байланысты мағлұматтармен және басқа да мәліметтермен Сіздер мына мекен-жай бойынша таныса аласыздар: , Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы,Байзақов көшесі, 125/185, н.п.4.