Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

«Қазкоммерц -Полис» СК» АҚ мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы

Республика Қазақстан, 050026, Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 125/185, 4  т.е.ғ. мекен – жайы  бойынша орналасқан «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қоғам) («Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы ) директорлар Кеңесі Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының және Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шақырылымы туралы хабарлайды.  

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы және Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысын өткізу күні – 2018 жылғы 12 ақпан.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын және Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысын өткізу орны – Республика Қазақстан, 050026, Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 125/185, 4  т.е.ғ.

Өткізудің басталу уақыты:

- Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы– алматы уақыты бойынша 10 сағат 30 минутта;

- акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы– алматы уақыты бойынша 11 сағат 30 минутта.

 

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының және/немесе  Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының болмаған деп танылған жағдайда қайтадан өткізу:

- Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы - 2018 жылғы 13 ақпанда алматы  уақыты бойынша 10 сағат 30 минутта,  Республика Қазақстан, 050026, Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 125/185, 4  т.е.ғ. мекен –жайы  бойынша;

- Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы - 2018 жылғы 13 ақпанда алматы уақыты бойынша 11 сағат 30 минутта, Республика Қазақстан, 050026, Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 125/185, 4  т.е.ғ. мекен –жайы  бойынша тағайындалсын.

- Қатысуға келген акционерлерді тіркеу:

- Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына  2018 жылғы 12 ақпанда 10 сағат 00 минуттан бастап  10 сағат 30 минутқа дейін;

- Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысына  2018 жылғы 12 ақпанда 11 сағат  00 минуттан бастап 11 сағат 30 минутқа дейін.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына және Қоғам және «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні анықталсын - 2018 жылғы 11 ақпан.

 

Күн тәртібі:

 

 - Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі редакцияда:

1)«Казахинстрах» АҚ Қоғамды қосу түрінде ерікті қайта ұйымдастыру туралы;

4)«Казахинстрах» АҚ  және Қоғамды ерікті қайта құру бойынша ісшаралар жоспарын бекіту туралы;

3)Қоғам акцияларын сату бағасын бекіту туралы;

4)Қоғам акцияларын сату тәртібін және мерзімін бекіту туралы;

5)Тапсыру акті нұсқасын бекіту туралы.

 

- Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы келесі редакцияда:

1) Казахинстрах» АҚ «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ қосу түрінде ерікті қайта ұйымдастыру туралы;

2) «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату бағасын бекіту туралы;

3) «Казахинстрах» АҚ акцияларын үлестіру (іске асыру) бағасын бекіту туралы;

4) «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату және «Казахинстрах» АҚ акцияларын үлестіру тәртібін және мерзімін анықтау туралы;

5) «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ және «Казахинстрах» АҚ қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша ісшаралар Жоспарын бекіту туралы;

6) Тапсыру акті нұсқасын бекіту туралы..  

 

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы және Қоғам мен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібіне және басқа ақпараттарға қатысты материалдармен Республика Қазақстан, 050026, Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 125/185, 4  т.е.ғ. мекен –жайы  бойынша танысуыңызға болады.