Полиске тапсырыс

8-8000-8000-09 Қазақстан бойынша тегін

Ru En Kz

Басшылық

Директорлар кеңесінің мүшелері

Рақышев Кеңес Хамитұлы

Директорлар кеңесі
Кеңес Хамитұлы Қазақстанның мемлекеттік заң академиясын (ҚазМЗА) (2000 ж.), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2002 ж.) бітірді, заңгер, экономист. 2007 жылы AdvancedManagement пәні бойынша OxfordSaïdBusinessSchool халықаралық бизнес-мектебінің дипломын («FinancialTimes» Global MBA-2012 рейтингінде мектеп күндізгі МВА бағдарламасы бойынша басқа жетекші бизнес мектептерінің арасында әлемде 20-шы орында тұр), сондай-ақ DevelopingStrategyforValueCreation пәні бойынша LondonBusinessSchool сертификатын алды. Рақышев мырза еңбек жолын 1998 жылы маман болып бастап, танымал қазақстандық компаниялардың, соның ішінде банк саласының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы лауазымына дейін жоғарылады. 2006 жылдан бастап «SAT &Company» АҚ Директорлар кеңесін басқарады. 2012 жылдан бастап –NetElementInternational жаһандық технологиялық компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы. «Выборгский судостроительный завод» АҚ, «Астраханский Корабельный завод» ААҚ, «KazakhstanPetrochemicalIndustries» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап CentralAsiaMetalsplc (CAML) атқарушы емес директоры болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап БТА Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 2015 жылдың қаңтар айында «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Искандиров Абай Мукашұлы

Директорлар Кеңесінің мүшесі
Абай Искандиров Қазақ мемлекеттік заң университетін (2003, заң ғылымдарының бакалавры), OxfordBrookesUniversity магистратурасын (2004, 2005, халықаралық құқық магистрі, халықаралық басқару магистрі) бітірді. Ол экономиканың мемлекеттік және коммерциялық секторларында біршама жұмыс тәжірибесін жинақтаған қазақстандық менеджерлердің жаңа ұрпағының өкілі. 2005-2006 жылдары жетекші маман лауазымынан мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымына дейін жоғарылап, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қызмет атқарды. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеді. Кейінірек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қаржы директоры (2008-2011) лауазымына шақырылды, «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді (2009-2011), сондай-ақ «Темiрбанк» АҚ Директорлар кеңесін басқарды (2010-2011). 2011 жылы экономикалық дамыту және сауда вице-министрі, 2013 ж. Премьер-министрдің орынбасарының аға кеңесшісі болып тағайындалды. 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, алғашында Басқарма төрағасының аға кеңесшісі, кейіннен Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазкоммерц-Полис" СК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді.

Аханов Серік Ахметжанұлы

Тәуелсіз директор
Серік Аханов Алматы халық шаруашылығы институтын, М.В. Ломоносов атындағы ММУ гуманитарлық факультеттерінің политэкономия кафедрасының аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, макроэкономика мәселелері бойынша ондаған ғылыми мақалалардың авторы. Мемлекеттік органдарда және қаржы секторында бай жұмыс тәжірибесі бар. ҚазССР Министрлер кеңесінде (1990-1991), еліміздің Президентінің Аппаратында (1991-1993) жұмыс істеді, Экономика министрінің орынбасары (1993-1994 және 1999-2001), Эксимбанктің Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (1994-1997 және 2001), Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (1997-1999), Қаржы вице-министрі (1999) лауазымдарын атқарды. 2002-2003 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ал 2001-2002 және 2003-2004 жылдары Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2004 ж. бастап 2016 ж. дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы болды. Республикамыздың қаржы жүйесінің дамуына, соның ішінде қаржы жүйесінің қатысушыларының қызметіне қатысты және мүдделерін қамтитын, қаржы нарығы субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіретін және қорғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге сүбелі үлес қосты. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор. 2015 жылдың сәуір айынан бастап тәуелсіз директор ретінде «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді.

Баймұханов Асқар Мұсаұлы

Тәуелсіз директор
Жоғары экономикалық білімі бар. Саратов экономикалық институтын «халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан 1998 жылға дейін Гурьев (қазіргі Атырау) облысының мемлекеттік және бизнес-құрылымдарында жұмыс істеді. 1999 - 2000 жылдары Атырау қ. Әкімнің орынбасары болды. 2000 жылдан бастап 2001 жылдың қыркүйек айы аралығында «ТұранӘлемБанкі» АҚ Атырау филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2001 жылдың қазан айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін – «САТВ» ЖШС Бас директоры. 2002 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін – «Қазақстан Халық банкі» АҚ Атырау филиалының директоры. 2009 жылдың мамыр айынан бастап 2011 жылдың шілде айын қоса алғанға дейін «Қазақинстрах» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасы лауазымдарын атқарды. 2011 жылдың қараша айынан бастап 2013 жылдың сәуір айын қоса алғанға дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарды. 2013 жылғы 29 сәуірден бастап 2016 жылғы 12 шілдеге дейін «Цеснабанк» АҚ еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2013 жылғы 28 қазаннан бастап 2016 жылғы 12 тамызға дейін «Цеснабанк» АҚ еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ-да жұмыс істеді. Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы (28.10.2013 ж.-15.11.2013 ж.), Басқарма Төрағасы (18.11.2013 ж.-12.07.2016 ж.), Басқарма Төрағасының Кеңесшісі (13.07.2016 ж.-12.08. 2016 ж.) лауазымдарын атқарды. 2016 жылғы 21 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор ретінде «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді.

Басшылық

Шәкенов Ринат Қанатұлы

Басқарма төрағасы
Ринат Шакенов 2004 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ механика-математика факультетін бітірген, аспирант, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, Қазақстан актуарийлерінің Басқарма мүшесі. Еңбек жолын 2005 жылы «БТА Забота» СК» АҚ-да актуарийдің көмекшісі болып бастады. «Еуразия» СК» АҚ-да актуарий (2006-2008), Актуарлық есептеулер департаментінің директоры (2008-2010), Актуарлық-әдістемелік орталықтың директоры (2010-2013), «БТА Сақтандыру» СК» АҚ Басқарушы директоры (2013-2014), актуарийі (2014), «TrustInshurance» СК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (2015-2016), «Виктория» СК» АҚ актуарийі болып жұмыс істеді. Сақтандыру өнімдерін әзірлеуде, сақтандыру резервтерін бағалауда, операциялық және техникалық тәуекелдерді бағалауда бай тәжірибесі бар. Қазақстанның ірі сақтандыру компанияларында жұмыс істей отырып, кіріс қайта сақтандыруды, андеррайтингті және қайта сақтандыруды дамыту мәселелерімен айналысты. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ қайта сақтандыру және андеррайтинг мәселелері жөніндегі Басқарушы директоры. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарушы директоры болып тағайындалды.

Мұратбаев Ғани Қайыпбергенұлы

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары
Ғани Мұратбаев 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» біліктілігі беріліп, «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасының банк секторында көп жылғы тәжірибесі бар. 1993 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың қазан айына дейін «Центрбанк» қазақ орталық акционерлік банкінде жұмыс істеді, онда бухгалтерден бастап филиал директорына дейінгі лауазымдарды атқарды. Әр кезеңде «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Қазақстанның Позитив Банкі» АҚ сияқты ірі банктердің филиалдарын басқарды. Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2010 жылдың қараша айынан бастап «MH Industry» ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымын атқарды, 2013 жылдың сәуір айынан бастап Бас директордың бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2014 жылдың қараша айынан 2016 жылғы қаңтар айына дейін «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды. «Қазкоммерц Полис» СК» АҚ-да 2015 жылдың шілде айынан бастап Басқарушы директор лауазымында жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелердің, аймақтық дамыту бөлімшесінің, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің қызметіне жетекшілік етеді. "Казкоммерц-Полис" СК "АҚ директорлар Кеңесінің шешімі бойынша 1 наурыз 2017 жылдан бастап "Казкоммерц-Полис"СК "АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.8 желтоқсан 2016 жылы қаржы нарығының дамуына елеулі үлесін қосқан үшін "Еңбегі сіңген қаржыгер" қоғамдық орденімен марапатталған.

Сычев Алексей Геннадьевич

Басқарма Төрағасының орынбасары

Исаева Айгерім Муратовна

Қаржы директоры
Айгерім Исаева 2009 жылы «Есеп және аудит» мамндығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін және 2015 жылы Мәскеудің «Синергия» бизнес Мектебін тәмамдап, МВА дәрежесіне ие болған. Еңбек жолы 2009 жылдың қазанында «БТА Сақтандыру» СК» АҚ-ның бюджеттендіру және жоспарлау бөлімінің маманы қызметінен бастау алып, қаржылық бақылау Басқармасының бастығы лауазымымен жалғасқан. 2015 жылдан бері «Қазкоммерц Полис» СК» АҚ-нда Қаржы департаментінің қаржылық бақылау Басқармасының бастығы қызметінен Қаржы директоры – Басқарма мүшесіне дейінгі еңбек жолынан өтіп, мұнда абыройлы қызмет атқарып келеді.